Клиникалық фармакология және фармация бойынша «Дәрілік заттарды тиімді пайдалану» атты халықаралық конференциясы.

ОҚМФА Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы мен  Дәлелді медицина  бөлімі  2017 жылдың  8-9 қыркүйек  күні Астана қаласында болған «Клиникалық фармакология және фармация бойынша «Дәрілік заттарды тиімді пайдалану»  конференциясына қатысты. Конференция жұмысы барысында  300- ден астам қатысушылар, сонымен қатар клиникалық фармакология саласындағы шетелдік сарапшылар, шетелдік серіктестер  және ДДСҰ ел кеңесінің өкілдері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, медициналық фармацевтикалық  және ғылыми ұйымдарының, облыстық  денсаулық сақтау басқармасының  делегаттары бірлесіп жұмыс атқарды.  Конференция келесі серіктес ұйымдардың қолдауымен өткізілді: «Республикалық медициналық палата» қоғамдық бірлестігі, ДДСҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры, Королдік Фармацевтика қоғамы (Ұлыбритания), COCHRANE Ресей,  Elsivier, Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техниканы сараптаудың Ұлттық орталығы, «СК-Фармация», жоғары оқу орындары  және кәсіби медициналық қауымдастықтар.2

Конференция мәселелері дәрілік заттарды тиімді пайдалану, клиникалық фармакология және клиникалық тәжірибедегі дәлелді медицина, қауіпсіз дәрілік терапия, фармакологиялық қадағалау сұрақтарына арналды.

1

Іс-шараның мақсаты:  негізгі аудиторияға дәлелді медицина қағидаларына негізделген клиникалық  фармакологияның артықшылықтары мен келешектерін және денсаулық сақтаудың дамуында негізгі рөлін көрсету.

Алынған мәліметтер ОҚМФА оқу-білім үдерісіне енгізілетін болады.

13.09.2017, 06:07
437 қаралым