«Клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина негіздері» кафедрааралық магистранттардың ғылыми-әдістемелік конференциясы

672 1

11.12.2015ж  жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында «Клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина негіздері» атты 1 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медицина», «Фармация» мамандықтарының магистранттары арасында ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді.

672 2 

Бұл конференцияның негізгі мақсаты: магистранттар арасында кафедрадағы «Клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина негіздері» пәнінен интербелсенді оқыту «конференция» әдісі бойынша семестр бойына алған білімдерін қорытындылау, тұжырымдау, бекіту мақсатымен болып табылады.

672 3

672 4

Конференция барысында жұқпалы емес және жұқпалы аурулардың эпидемиологиясының өзекті мәселелері талқылау, шешу - әдістің мәнін құрады.

Конференцияның бағдарламасына сәйкес әртүрлі инфекциялық емес және инфекциялық аурулардың өзекті сұрақтары мен алдын-алу жолдары бойынша баяндамалар жасалынды, викториналар мен ойындар өткізілді.

672 5

672 6

Конференция соңында мына төмендегі магистранттарға сертификаттар мен дипломдар табысталды: Кошимбетова А., Нұрмағанбетова А., Полукчи Т., Козыкеева Р., Батырханова С., Ботабекова А., Әліпбекова С., Рамазанов Ж., Жақсылық А., Ахметов Қ., Сансызбаева Ж.

672 7

19.12.2015, 00:41
516 қаралым