«Кітап – асыл қазына» жазушы Сабырбек Олжабаймен кездесу

2023 жылдың 27-ақпан күні Жастар саясаты бөлімі мен «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен республикаға танымал қаламгер, журналист-жазушы Сабырбек Олжабаймен кездесу өткізілді. Кездесуге кафедра оқытушылары, «Парасат» үйірме мүшелері «Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация» мамандықтарының 1-курс студенттері қатысты.
Кездесу «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Нұржанбаева Жанат Оралбайқызының кіріспе сөзімен басталды. Жазушылық - өнер, журналистика деген қажырлы еңбекті, қабілеттілікті қажет етеді. Қаламгер С. Олжабай бұл жолға қалай келгенін, қызмет кезіндегі қиындықтары мен қызықшылықтары көп жұмысы туралы, шығармашылық еңбектері жөнінде баяндады. Кітап – асыл қазына. Жазушы Сабырбек Олжабай бүгінгі таңдағы жастардың кітап оқу мәселесіне де тоқталды. Әңгіме-сұхбат барысында студенттер келген қонаққа сұрақтар қойылып, жазушы тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.

30.03.2023, 17:14
371 қаралым