Химия-токсикологиялық сараптаманың өзекті мәселелері: білім беруден тәжірибеге дейін
Ағымдағы жылдың 7 ақпанында ОҚМФА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұйымдастыруымен «G-global» коммуникативтік платформасында «Химия-токсикологиялық сараптаманың өзекті мәселелері: білім беруден тәжірибеге» атты бейне-конференциясы on-line режимінде өткізілді.
Бүгінгі таңда экологиялық және техногендік апаттардың, кәсіптік уланулардың, есірткі және психотроптық заттардың теріс әсерінен туындап отырған токсикологиялық шиеленістер қазіргі заманғы әлемдік қоғамдастықта, медицина және әлеуметтік тәжірибеде өзекті мәселе болып отыр.
Конференцияны on-line режимінде өткізу жалпыға бірдей танылған диалогтық алаңға айналды, оған қатысушылар өздерінің пікірлерімен, жинақталған тәжірибесімен алмасуға, қазіргі жағдайдың мәселелерін талқылауға, сот сараптамасы тәжірибесіне арналған токсикологиялық химия бойынша ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен жүзеге асыру перспективаларына, сот-сараптама Орталығының химия-токсикологиялық бөлімшелерінің сот сарапшыларын даярлау және осы саладағы басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Конференцияға серіктес ЖОО-нан Гданьск медицина Университеті (ГМУ, Польша), Сеченов Университеті (Мәскеу, РФ), Башқұрт мемлекеттік медицина Университеті (БММУ, Уфа, РФ), Украина Ұлттық фармацевтика Университеті (УҰФУ, Харьков, Украина), Дипломнан кейінгі білім беру Харьков медицина академиясы (ДКББХМА, Украина), С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Алматы), Астана МУ, ҚР ӘМ ССО сот сараптамасы ҒЗИ (Астана) жетекші ғалымдары мен оқытушылары қатысты.
Медициналық білімді модернизациялау аясында химик-токсикологтарды даярлау туралы ОҚМФА, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, профессор С.К. Ордабаева «ОҚМФА-да құзыретті химик-токсикологтарды даярлау» атты баяндамасында атап өтті. Кафедра қызметкерлерімен «Токсикологиялық химия» пәнінен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖМББС) сәйкес бағдарлама шетелдік білім беру бағдарламаларымен салыстырғанда теңдесі жоқ, ерекше болып табылатын модульдік білім беру бағдарламасы жасалған.
Дәрі-дәрмектерді медициналық емес мақсатта қолдану, химия-токсикологиялық талдау объектілерін зерттеу мәселелері жөнінде ҚР ӘМ ССО сот сараптамасы ҒЗИ химия-токсикологиялық бөлімі меңгерушісі Г.С. Жұматаеваның «ҚР есірткілік және психобелсенді заттардың медициналық емес мақсатта қолдану» баяндамасында қаралды.
ҚР ӘМ ССО ОҚО сот сараптама Институты химия-токсикологиялық бөлімінің меңгерушісі Д.Ш. Бегишева «ОҚО сот-медициналық сарапшыларының үздіксіз кәсіптік білімі» баяндамасында сот-медициналық сарапшыларының біліктілігін жоғарылату мәселелерін көтерді.
ҚР ӘМ ССО ОҚО сот сараптама Институты химия-токсикологиялық бөлімінің сот-медициналық сарапшы-химигі К.К. Адеханова «Улы химикаттармен уланудың химия-токсикологиялық талдауындағы хроматографиялық зерттеу әдістері» туралы өте мазмұнды баяндама дайындап, қауіпті пестицид – реглонмен улану нәтижесінен туындаған өлімнің химия-токсикологиялық талдауы жайлы өз тәжірибесінде кездескен зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
ОҚМФА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының фарм.ғ.к., доцент м.а. А.Д. Серікбаева өз баяндамасында «Инновациялық оқыту әдістері кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың негізі ретінде», білім беру процесіне базалық және бейіндік пәндеріне енгізілген белсенді оқыту әдістері: TBL, CBL, PBL, RBL, кейс-әдісі элементтерімен нақты ситуациялық талдау (НСТ), «Дискуссия», «Кроссворд», қателіктер кездесетін дәрістер, проблемалы дәрістер, бинарлық дәрістер туралы баяндап берді. Баяндама қатысушылар арасында үлкен резонанс туындатты және белсенді түрде талқыланды.
Сеченов Университеті (Мәскеу, РФ) доценті В.В. Смирновтың «Сеченов Университеті А.П. Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында токсикокинетиканы оқытудың өзекті мәселелері» баяндамасы үлкен қызығушылықпен тыңдалды. Баяндамашы метаболизм бойынша жаңа нұсқаулықты және токсикокинетикаға арналған жұмыс дәптерін аудиторияға таныстырды және екі серіктес жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында бинарлы дәрістерді on-line режимінде ұйымдастыруға ұсыныс жасады. Ол аудитория тарапынан қолдау тапқан антидопингтік бақылау жүйесінің сұрақтарын сабақтардағы күнтізбелік тақырыбына енгізу қажеттілігін айтып, өз пікірімен бөлісті.
Токсикология кафедрасының меңгерушісі (ГМУ, Польша), қауымдастырылған профессор Bartosz Wielgomas «Headspace single-drop microextraction and GC-ECD determination of chlorpyrifos-ethyl in rat liver» атты баяндамасында газ хроматографияның масс-спектралды детектрімен пестицидтердің анықталуына тоқталды. Сынаманы дайындау үшін микроэкстракция әдісі жүргізілген, аталған әдіс органикалық экстрагенттерді минималды мөлшерде қолдану мен қоршаған ортаны минималды ластаумен сипатталатын Green Chemistry әдісі ретінде қарастырылады.
Кафедра магистранттары М.Н. Дүйсенова «Прегабалиннің химия-токсикологиялық талдауы» тақырыбындағы және М.А. Миросатова «ХТТ нысандарын сәйкестендіру үшін жағдайды оңтайландыру» тақырыбындағы баяндамаларына ерекше назар аударылды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейде болуы, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқу-ғылыми зертханасының қазіргі заманға сай жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталғандығы конференция қатысушыларында үлкен әсер қалдырды.
Конференция қатысушылары баяндамаларда көтерілген негізгі мәселелерді белсенді талқыланды. Сеченов Университеті А.П. Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының доценті А.Е. Петухов прегабалин, тропикамид және басқа дәрілік препараттарды медициналық емес, теріс мақсатта пайдаланылуы туралы айтты. Ол айтылған мәселелердің көбі Ресей Федерациясындағы химия-токсикологиялық зерттеулерге тән екендігін атап өтті.
Украинадағы әріптестеріміз – С.В. Баюрка, дәрілік және аналитикалық токсикология кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д. (УҰФа) мен И.А. Журавель, клиникалық биохимия, сот-медициналық токсикология және фармация кафедрасының меңгерушісі (ДКББХМА, Украина) талқылап жатқан сұрақтарға белсене қатысып, жанды дискуссияға түсіп, өз пікірлерімен аудиторияны қызықтырды. С.В. Баюрка «Аналитикалық токсикология» кітабының авторы болып табылады және баспадан шыққан осы кітабы жайлы ақпарат беріп, әріптестерімен сұхбаттасуға берілген мүмкіндік үшін алғысын айтты. Біздің кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы, студенттер мен жас ғалымдар ғылыми жұмысы, биологиялық материалдағы дәрілік заттарды анықтау әдістемесін жасау, бір реттік терапевтік дозада қабылданған заттардың өзі мен кейбір метаболиттерін бөліп алу және идентификациясы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар жетістіктерін атап өтті.
В.М. Дианов, БММУ (Уфа, РФ) фармацевтикалық химияның аналитикалық және токсикологиялық химия курстары кафедрасының доценті, ОҚМФА токсикологиялық химия бойынша тәжірибе өткізу форматы, сағат саны, базаларына қызығушылық білдірді, себебі БММУ студенттері осындай тәжірибе өтпейді.
Өткізілген конференция құрылымдық сипатта болды. Конференция халықаралық серіктестік аясында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы мен жалпы ОҚМФА, сонымен қатар конференция қатысушылары арасында белсенді тілдесу мен пікір алмасу түрінде өтті.
А.А. Ахметова, ОҚМФА стратегиялық даму және халықаралық қатынастар бойынша проректоры, ОҚМФА әкімшілігі атынан конференция қатысушыларын талқыланып жатқан тақырыптың қолдау табуы мен қызығушылық көрсеткендеріне алғысын білдіріп, осындай серіктестік тілдесу шекарасын ұлғайтатындығын және жоғары оқу орындары, жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынастың әрі қарай дамуына алып келетіндігін атап кетті.
Конференция қатысушылары ұйымдастырудың жоғары деңгейін, өткізілу форматының заманауилығын, позитивті тілдесу, ақпараттылықтың болуын айтып кетті.
Конференция ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға алғыс айтып, барлығына жаңа творчестволық және өмірлік табыстар тілейді және әрі қарай серіктестіктің жемісті болуына ниет білдіреді.
ОҚМФА компьютерлік ақпараттық тест орталығының қызметкерлері М.Т. Уксикбаев пен Б.Е. Әбдікәрімге конференцияның техникалық қамтамасыз етілуі жоғары деңгейде болғаны үшін кафедра үлкен алғысын айтады.