Халықаралық қызыл крест комитетінің (ХҚКК) өкілдері «ОҚМА» АҚ-ға келді
2019 жылдың 16-18 сәуірінде ХҚКК жаттықтырушылары жарақат алған кезде шұғыл дәрігерлік іс-әрекеттер бойынша курстар өткізеді.
Орталық Азиядағы ХҚКК өңірлік өкілдігі Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен облыстық денсаулық сақтау басқармаларында төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек қызметінің дәрігерлері мен жұмысты ұйымдастыруға жауапты дәрігерлер үшін курс өткізеді.
Халықаралық Қызыл крест Комитеті (ХҚКК) мақсаттары мен міндеттері гуманитарлық сипатқа ие және Қарулы жанжалдардан және зорлық-зомбылықтың басқа да жағдайларынан зардап шеккен адамдардың өмірі мен қадір-қасиетін қорғау және оларға көмек көрсету болып табылатын бейтарап және тәуелсіз ұйым болып табылады.
ХҚКК адамдардың бейбітшілік пен келісімге ұмтылысына негізделген және 1965 жылы Қызыл Крест пен Қызыл жарты айдың ХХ халықаралық конференциясында, Венада жарияланған Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысының іргелі қағидаттарын ұстанады.
ХҚКК табиғи апаттар, техногендік апаттар немесе пандемиялар жағдайындағы аудандарда өзінің жедел қызметін жүзеге асырады, туындаған проблемаларды шешуге өз ресурстары мен мүмкіндіктері шегінде өзінің ерекше міндеттерін орындай отырып және қозғалыстың басқа қатысушыларымен ынтымақтаса отырып өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Шұғыл дәрігерлік іс-әрекеттер бойынша Курс жарақаттың ауыр дәрежесі кезінде өмір көрсеткіштерін қолдау бойынша американдық курсқа және жарақат кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша британдық курсқа ұқсас.
ХҚКК алғашқы мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі халықаралық класты жаттықтырушылар қатысушыларды кең көлемді жарақаттар салдарынан сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету мақсатында шұғыл медициналық көмек бөлімшесіне түскен кезде пациенттерге қолданылатын стандартты диагностика және терапевтік емшаралар әдістеріне үйретеді.
Осы курсты өткізудің мақсаты келесі салаларда практикалық және теориялық білімді арттыру және нығайту болып табылады:
* Пациенттің жағдайын жедел және қатесіз бағалау
* Басымдыққа негізделген реанимация және пациенттің жағдайын тұрақтандыру тәсілі
* Пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін медициналық мекеменің тиісті деңгейінде шешім қабылдау
* Зардап шеккендер жаппай түскен кезде медициналық сұрыптау
Осы курс құралы ретінде Wiley-Blackwell, Ұлыбритания шығарған “Кең жарақат кезіндегі көмек негіздері" нұсқаулығы қолданылады. Курсты өткізу кезінде әрбір қатысушы шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша практикалық бөлімнен (тыныс алу жолдары мен желдету, шок, бас пен омыртқаның жарақаты, аяқ-қолдың зақымдануы) өтуі және диагноздар мен терапевтік іс-шараларды (эндотрахеалдық интубация, крикотироидотомия, арқа жарақаттары кезінде омыртқаның тұрақтануы мен т. б.) ұсынылады.