Халықаралық ынтымақтастық іс жүзінде

 

         Фармацевтикалық факультеті студенттерінің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық келісімі аясында және 2014-2015 оқу жылында бірлесіп жасалынған Оқу бағдарламасы шарттарына сай И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ (Мәскеу) базасындағы өндірістік тәжірибесі аяқталды.

556 1 1

         Студенттер тәжірибе бағдарламасына сәйкес дәрілік заттар сапасын бақылау саласындағы нормативті құжаттармен танысты. Оның ішінде, 2016 жылға жоспарланып отырған Ресей Федерациясының Мемлекеттік фармакопеясы XIII басылымының жалпы фармакопеялық мақалалар жобасымен танысты.   

556 9 9

         Тәжірибешілер өздерінің дәрілік субстанциялар мен дәрілік түрлерге фармакопеялық талдау жүргізу бойынша кәсіби құзыреттіліктерін бекітті. Сандық талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістеріне салыстырмалы талдауды аналитикалық әдістерді валидациялау арқылы жүргізді (титриметрия, спектрофотометрия, рефрактометрия).

556 3 3

         Дәрілік препарат-дженериктердің фармацевтикалық биоваленттілігін анықтауды түпнұсқалы препараттармен салыстыра отырып, «еру» тесті бойынша жүргізді, ары қарай алынған сынаманы жоғары эффективті сұйықтық хроматография әдісімен талдады.

556 2 2

         Студенттер «Аналитика Экспо 2015» халықаралық көрмесіне қатысып, баяндамалар және жоғары заманауи аспапты әдістер бойынша мастер-кластар тыңдады: атомды-абсорбционды спектрофотометрия, ИҚ-Фурье спектрометрия, рентгенді спектральды әдістер, сұйықтық және газды хромато-масс-спектрометрия және т.б.

556 7 7

         Жоғары білікті мамандардың ұйымдастырылуымен өткізілген «Аджилент текнолоджиес» Халықаралық форумындағы дәрістер мен мастер-кластар өте жоғары қызығушылық тудырды, онда дәрілік препараттардың фармацевтикалық биоваленттілігі бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелері, жоғары критикалық жоғары эффективті сұйықтық хроматография, хромато-масс-спектрометрия, спайс қоспаларды талдау және т.б. қолдану мәліметтері баяндалды.

556 10 10 

         Ресейдегі Қазақстан елшілігінде Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға қатысу студенттер үшін өздерінің патриоттық сезімдері мен азаматтық ұстанымдарын көрсете білген  айтулы күн болды.

556 5 5

         Мәдени бағдарламалар да өте қызықты өтті. Студенттер атақты мәскеулік эстрада театрында спектакльде болып, П. И. Чайковский атындағы консерваторияның Жоғары саз мектебінде өткен Н. Петров атындағы халықаралық конкурсында болып, әлемге танымал, Ресей халық әртісі,  пианист-виртуоз Д. Крамердің өнерін тамашалады. Кремльдегі президент полк қарауылдарын ауыстырудың ашылу салтанатында болды. А. Пушкиннің өнер туындылары музейінде, Третьяков галереясында, Ресей тарихи музейінде, космонавттар музейінде, Қызыл алаңда және т.б. болды.  

556 8 8

         Студенттер тәжірибені ұйымдастырушы кафедра меңгерушісі, РФ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Г.В. Раменская басқарып отырған фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы ұжымына шын жүректен алғыстарын білдірді. 

556 4 4

         Сонымен бірге, тәжірибешілер біздің академия басшылығына әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарының бірінде тәжірибе өтуге мүмкіндік жасағандары үшін өздерінің ризашылығы мен құрметтерін білдіреді.

 556 6 6

 

16.05.2015, 03:57
580 қаралым