Халықаралық кредиттік ұтқырлық (International credit mobility)
Еуропалық Одақ қаржыландыратын, біздің студенттерге академиялық кезеңде еуропалық университеттердің бірінде білім алуына тамаша мүмкіндік беретін бағдарлама бар.
Осындай мүмкіндікке «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенті Кален Сұлуғайша ие болды. Ол қазіргі уақытта Румынияның ең көне университеті, Брашов қаласындағы Трансильвания университетінде оқып жатыр.
Сұлуғайша шетелдік университеттің оқу үрдісіне де, қоғамдық шараларға да белсенді түрде қатысады. Жақында университетте «Халықаралық күн» іс-шарасы өтті, онда әр елден келген студенттер өз елдерінің ұлттық мәдениетін, дәстүрлі ұлттық тағамдарын ұсынды.
Сұлуғайша біздің республикамыз жайлы стендті әдемі безендіріп, ұлттық тағамдарды әзірлеп, жүлделі орынға ие болды.
12.04.2019,
22:51
341 қаралым