Халықаралық кредиттік ұтқырлық
2021 жылы 23-25 маусымда Трансильвания университеті (Брашов қ., Румыния) 2020-2021 оқу жылына арналған ERASMUS + бағдарламасы бойынша «Халықаралық кредиттік ұтқырлықтың мүмкіндіктері мен мәселелері» атты онлайн семинар өткізді.
Семинар Брашов қаласындағы Трансильвания университеті мен ERASMUS+ бағдарламасының серіктес университеттері арасындағы диалогты кеңейту мақсатында студенттер мен оқытушылардың халықаралық кредиттік ұтқырлық сапасын арттыру мақсатында өткізілді.
Ұйымдастырушылар ERASMUS + бағдарламасының осы негізгі әрекеті - Грузия, Жапония, Бразилия университеттері студенттері мен оқытушыларының ұтқырлығы бойынша ынтымақтастықтың қызықты тәжірибесін ұсынды.
Үш күндік семинар Трансильвания университетінің профессор-оқытушылар құрамы дайындаған таңғажайып мәдени бағдарламамен аяқталды.
ОҚМА-дан «Халықаралық кредиттік ұтқырлықтың мүмкіндіктері мен мәселелері» семинарының жұмысына СДжХЫ басқармасының өкілдері қатысты.
