ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының білім алушылары!

Румынияның Брашов қаласындағы Трансильвания Университетіне (Transilvania University of Brasov) Erasmus+ халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін байқау жарияланады.

Оқу мерзімі: ақпан – шілде 2019 ж.

Талапкерлерге қойылатын талаптар:

- GPA 2,95 кем емес;

- академиялық қарызының болмауы;

- тәртіптік жазасының болмауы;

- ОҚМА ішкі тәртібінің ережелерін бұзуының болмауы;

- ағылшын тілі деңгейі – В2;

- жарамды паспортының болуы.

Шарты: визалық шығындар, медициналық сақтандыру, тұруға және ұшуға кететін шығындарды Erasmus+ бағдарламасы төлейді, сондай-ақ байқаудан өткен талапкерлерге ай сайын стипендия төленеді.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 28 желтоқсан 2018 ж. сағ 17.00.-ге дейін.

Толығырақ ақпарат алу үшін Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыздар (Әл-Фараби 1, бас ғимарат, 213 кабинет).

СДжХЫ бөлімі 

13.12.2018, 00:22
322 қаралым