Келісім-шартқа қол қою

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ректоры профессор М.Рысбеков пен «Kazakhstan International Consulting Company» (Казахстан Интернэшнл Консалтинг Компани) компаниясының директоры Пандей Махендра Нараян мырза арасында шетел білім алушылары рекрутингі бойынша келісім-шартқа қол қойылды.

1114 1

Осы келісім-шарттың мақсаты академияның профиліне сәйкес аккредиттелген бағдарламалар бойынша  алыс шетелдерден келген шетелдік  азаматтарды оқыту болып табылады. Осы шарт арқылы тараптар мақсатқа жету үшін олардың өзара байланысты және өзара тәуелді қызметтерін анықтады.

1114 2

«Kazakhstan International Consulting Company» (Казахстан Интернэшнл Консалтинг Компани) Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы үшін шетелдік білім алушыларды жалғыз жеткізуші компания болып табылады.

18.04.2018, 06:20
398 қаралым