«Келісім мен ынтымақ – жетістіктің кепілі»
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 18 желтоқсан күні «Келісім мен ынтымақ – жетістіктің кепілі» тақырыбында Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Бекеулов Серік Мадиханұлы,
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Кыпшакбаев Рауан Мухитулымен кездесу өткізді. Дін мамандары келісім мен ынтымақ – әрбір ұлт пен қоғамның дамуындағы ең негізгі құндылықтардың бірі, бұл қасиеттер адамды бейбіт өмірге, жарқын болашаққа жетелейтіні жайлы айтып кетті. Келісім – адамдар арасындағы түсіністік пен татулықты, ал ынтымақ – бір мақсатқа ұмтылған бірлікті білдіретінін түсіндірді. Келісімсіз ортада түсініспеушілік, қақтығыс, ал ынтымақсыз қоғамда алауыздық орнайтыны айтылды.