КеАҚ «Астана Медицина университетіне» «ОҚМА» АҚ-ның аға оқытушысы А.А. Абдраманованың академиялық ұтқырлығы
2021 жылдың 8-19 наурыз аралығында «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Абдраманова академиялық ұтқырлық аясында КеАҚ «Астана Медицина университеті» «Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология» кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттеріне ағылшын тілінде «Медициналық микробиология» пәнінен келесі тақырыптар бойынша сабақтар өткізілді:
1. Қарапайымдар. Паразитоздардың зертханалық диагноз қою принциптері.
2. Клиникалық-диагностикалық микробиология. Ауруханаішілік инфекциялар.
3. Жыныстық аурулар қоздырғыштары. Спирохеталар. Микоплазмалар. Хламидиялар. Арнайы сақтандыру және емдеу.
4. Спирохеталар, микоплазмалар, хламидиялардың зертханалық диагноз қою принциптері.
5. Емдеу-сақтандыру мекемелеріндегі микробиологиялық бақылау.
6. Патогенді және шартты-патогенді саңырауқұлақтар. Зең саңырауқұлақтар және олардың адам патологиясындағы маңызы.
7. Микологиялық зерттеулер.
8. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар. Микоздар және паразитоздар. КДМ және АІИ.
Сабақтар оқытудың заманауи әдістерін қолданып өткізілді.
