Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы қылмыстың алдын алу

Қазіргі таңда елімізде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу сынды мәселелер көкейтесті мәселелердің біріне айналды.Осы бағытта, АҚ ОҚМА жанындағы медициналық колледжі, Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 07.02.2024 күні «Кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы қылмыстың алдын алу» тақырыбында Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция ага инспекторы полиция майоры Юсупов Хабйбулла Ибадуллаевич 1-2 курс білім алушыларымен кездесу өткізді. Бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмысқа жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажеттілігі басты назарға алынды. Сондай-ақ, кездесуде темекі өнімдері мен темекі қоспаларын тұтынудың зияны туралы тақырыптар қозғалды, қатысушылар кәмелетке толмағандардың ата-аналарының жауапкершілігіне ерекше назар аударды.Кездесу соңында білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға полиция майоры толыққанды жауап беріп оларға сәттілік тіледі.

08.02.2024, 12:31
609 қаралым