Кадрларды бірлесіп дайындау

 

1548 1

Жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы Пущин мемлекеттік жаратылыстану-ғылыми институтымен (Ресей) ынтымақтастық туралы келісім жасады. Келісімнің мәні білім беру жүйесін дамытудың теориясы мен стратегиясы, әдіснамалық, ғылыми-педагогикалық қамтамасыз ету саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы ынтымақтастық болып табылады.

Пущин мемлекеттік жаратылыстану-ғылыми институты – Ресей ғылым академиясының жаратылыстану-ғылыми бағытындағы академиялық институттар негізінде құрылған алғашқы университет. Осы типтегі университетті құру ерекше эксперимент болып табылады және эксперименттік және теориялық ғылымды жоғары білікті және білімді мамандарды оқыту және даярлау процесіне жақындастыру идеясын білдіреді.

1548 2

Ынтымақтастық аясында біздің ЖОО-ның "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" кафедрасының төрт түлегі Исмаил-оглы Мелек, Мүсірепова Айжан, Өтей Нұрғалым, Бақарам Арайлым 06.04.01 Биология, БиоМедФармТехнология мамандығы бойынша Пущин институтының магистратурасына бюджеттік орындарға түсуге мүмкіндік алды.

Біздің түлектерді құттықтаймыз және серіктес ЖОО ұжымдарына қос диплом бағдарламасын жүзеге асыруда табыс тілейміз!

28.08.2020, 05:29
271 қаралым