«Көзімнің қарасы» атты әдеби сазды кеш

632 2

2015 жылдың 5 қараша күні академияның үлкен мәжіліс залында жастар саясаты секторы мен «Гигиена -1» кафедрасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың туылғанына 170 жыл толуына орай «Көзімнің қарасы» атты әдеби сазды кеш кең көлемде өткізілді. Кешке академия басшылары мен профессорлы-оқытушы құрамы қатысып, рухани байып, ерекше әсер алғандықтары туралы пікір білдірді. 

632 1

Іс-шара барысында А.Құнанбаевтың қара сөздерінен үзінді оқылып, әндері орындалды. Сонымен қатар, «Масғұт» поэмасын орындаған академияның 2 курс студенті көрермендерді керемет әсерге қалдырды.  Ақынның өміріне байланысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген көрермендерге сыйлық таратылды.

632 3

Кешке ат салысқан академияның белсенді студенттерін кафедра меңгерушісі Толтаева Бибігүл Зайдуллақызы алғыс хатпен марапаттады (қамтылған студенттер саны – 300).

12.11.2015, 23:47
389 қаралым