Көрсеткен алғашқы медициналық көмектері үшін интерндерге алғыс

«Астана медицина университеті» АҚ «Жалпы медицина» мамандығының 7-курс интерндері Шулаков Андрей («Хирургия») және Ахмеджанов Әсет («Жалпы дәрігерлік практика») Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі «Шығармашылық энергия аймағы» павильонында мердігер ұйымның қызметкеріне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жоғары кәсіби біліктіліктерін танытты. «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы атынан Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов  «Астана медицина университеті» АҚ-қа және Университет оқытушыларына білікті мамандар мен жанашыр жандарды дайындап жатқандары үшін алғыс білдіреді.


IMG-20170804-WA0005.jpg IMG-20170804-WA0006.jpg
 

21.06.2017, 00:34
272 қаралым