«Көп тілді меңгеру – бір құлыптың бірнеше кілтіне ие болу деген сөз»

650 1 1

Оқыту мен тәрбие берудегі әдістер мен амалдардың бірден бір тәсілі тіл болып табылады. Осы орайда академияның ұжымы «ОҚМФА көшбасшысы - 2015» атты интеллектуалдық сайыс өткізді. Пән оқытушылары орыс тілінің білгірлерін анықтау мақсатында білім сайысын ұйымдастырды, қызықты тапсырмаларға толы жұмыс түрлері арқасында студенттердің орыс тілін меңгеру, белсенділік және ізденушілік бейімділіктері көрінді. Сайыстың тәрбиелік маңызы қатысушылардың ұйымшылдық, іскерлік қасиеттерін аша білді, олар мәдениеттілігін, білгірлігін, интеллектуалдық қорын көрсете келе, сайыстың қызықты, заманауи, мағыналы түрде өтуіне ықпал жасады.

650 2 2

Тілді үйрену – бос қажетілік емес, бұл орайда еркін ынта керек. Осындай іс – шаралар студенттердің ой - өрісін өрбітетін, шығармашылық қасиеттерін ұштайтын бірден – бір жолы болып келеді, логикалық ойлау және тапқырлығын үшкірлейді.

Сайыстың бес кезеңінің әрқайсысы қатысушылардың білімін айқындайтын, белгілі мақсаттармен белгіленген тапсырмалармен дайындалды.

Бірінші кезеңде – «Блиц – сұрақтар» - орыс тілінің грамматикасы бойынша берілді. Екінші кезең – «Синтаксистік сөзтізбе» -  белгілі бір сөзден сөз тіркесін, сөйлем және шағын мәтін құрастыру берілді. Үшінші кезең – «Тірі сөз» - сөйлеу қабілетін көрсетті. Төртінші кезең – «Бейнесұрақтар» - медициналық тұрғыда дайындалды. Бесінші кезең – «Ақтық мәре» - озып шыққан қатысушыларға арналған грамматикалық тапсырмалардан тұрды.

650 3 3

Әр кезеңнің қорытындыларын жюри анықтап отырды: орфография, пунктуация, орфоэпия, грамматика, логикадан берілген  тапсырмалардың  нәтижелері; орыс тілінің халық тарихы мен мәдениетімен тұтастығын түсіну және тілдің болашақ медицина мамандығымен байланыстыра білу қабілеттері бағаланды. Сайыс нәтижелері бойынша үш студент  озып шықты: 1 орынға Жанкозин Нурхан 102 ФҚ/а топ студенті; 2 орынға  Закиров Даурен 101 ТФП топ студенті; 3 орынға  102 ФЖҚ топ студенті Жұмағұлов Қазбек ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталса, қалған қатысушылардың барлығына арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Жастардың ойынша, бұл сыңайлы іс-шараларда ұмтылыспен жеңіске жету жолы оңай емес, бірақ өте қызықты.

Ең соңында айтуға келіп тұрған жайт академик Д.С. Лихачевтің сөзімен түйінделеді: « Тіл – адамның тек қана мәдениет көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге адамды тәрбиелейтін ең көрнекі құрал».

05.12.2015, 03:37
508 қаралым