«Jas Otan Dostyq» кубогi

26 ақпан 2022 жылы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен 1 наурыз "Алғыс айту" күніне орай қаламыздағы жоғары оқу орындары арасында «Jas Otan Dostyq» кубогi кiшi турнирі өтті. Аталған ойын Шэк стадионында өткізілді.
Шымкент жастары арасындағы салауатты өмір салтына бағытталған кіші футбол турниріне М.Әуезов атындағы ОҚУ, ОҚМПУ, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Орта Азия инновациялык университеті, Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті және басқа да оқу орнының командалары қатысты.
Шара барысында ең үздік деген 3 команда және «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншылар» анықталды. Олар:

1-орынды ОҚМА «Академия құрамасы», 2-орынды Орта Азия университеті «Тұмар» командасы, 3-орынды Мирас университеті «Мирас» командасы иеленді.
Халмақан Жақсылық Кiшi футбол турниріне Еңбекші аудандық партия филиалына қарасты «Көркем» бастауыш партия ұйымының төрайымы Шунгарева Гүлайым Аскерқызы демеушілік көрсетті.
Жаксы ойын көрсетіп жүлделі 1-орын алған академиямыздың «Академия құрамасы» командасын жеңісімен құттықмаймыз.
Барлық жүлделі орын алған жеңімпаздарды құттықтаймыз!

03.03.2022, 20:43
477 қаралым