"IX Орталық Азия гастроэнтерологиялық апталығы-2024" (ОАГА) халықаралық Конгресі

01.11.2024-03.11.2024 ж. аралығында Алматы қаласында "IX Орталық Азия гастроэнтерологиялық апталығы-2024" (ОАГА) халықаралық Конгресімен біріктірілген "Бауыр циррозы: жиі және сирек кездесетін асқынулар" Азия-Тынық мұхиты бауырды зерттеу қауымдастығының (APASL) Қазақстандағы алғашқы конференциясы өтті, оның жұмысына инфекциялық аурулар және дерматовенерология кафедрасының өкілдері қатысты.
APASL мен бірге ОАГА конференциясы аясында спикер, кафедра меңгерушісі м.ғ. к., профессор Әбуова Гүлжан Наркенқызы рөлінде "NAFLD және COVID-19 - бір уақытта басталған екі пандемия"тақырыбында баяндама ұсынылды.
Сондай-ақ, жас ғалымдар секциясына кафедра ассистенті Нұрмағамбет Сымбат "Бауыр трансплантациясымен аяқталған балада туа біткен цитомегаловирустық гепатиттің нәтижесіндегі бауыр циррозы" баяндамасының тақырыбымен және екінші оқу жылының резидент-инфекционисті Бектан Бекжан "Бауыр циррозы және ішек микробиотасы: себеп-салдарлық байланыс бар ма?" халықаралық конгреске белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.

12.11.2024, 18:20
104 қаралым