IV Республикалық «Менің үздік презентациялық сабағым» атты сайысы

555 1 1

30.03.2015-15.04.2015 ж. Астана қаласында «ZIAT» Ғылыми-Әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен ҚР-ның жоғарғы оқу орындары арасында IV Республикалық «Менің үздік презентациялық сабағым» атты  сайысы өтті.                       

Сайыстың негізгі мақсаты – нағыз өз мамандығының майталманын анықтау, яғни сайыс республика бойынша келген білім беру, мәдениет, әлеуметтік сала мамандары ұсынған жұмыстардың ең жақсысын таңдау және педагогикалық тәжірибе жинақтау және кеңейту, оқытушылардың біліктілік деңгейлерін көтеру.

Сайыс дистанционды түрде өткізілді.

Мемлекетіміздің басқа да жоғарғы оқу орындарымен қатар Оңтүстік Мемлекеттік Фармацевтика Академиясынан «Дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер» кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Сағындықова Баян Ахметқызы жетекшілігімен кафедра оқытушысы, жас тәлімгер Әжімаханова Еркеайым Мейрамханқызы  аталмыш сайысқа қатысқан болатын.

Сайысқа «Ата-салтым – алтын қазынам!» тақырыбында өткізілген ашық тәлімгерлік сағат негізінде  дайындалған презентациялық жұмыс ұсынылды.

Сайыстың нәтижесі бойынша  ұсынылған  жұмыс  жүлделі II орынға ие болды.

555 2 2

16.05.2015, 02:26
468 қаралым