Ішкі аудиторларының біліктілігін арттыру

975 1

2017 жылдың 17-19 сәуір күндер аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының басшылары мен профессорлық-оқытушылар құрамы «ИСО 9001:2015 халықаралық стандартының жаңа нұсқасы. Сапа менеджмент жүйесі ішкі аудиторларың дайындау» бағдарламасы бойынша  сәтті дайындықтан өтті.

975 2

Оқытқан - Шоқаева Сәуле Багытжановна Казақстандық сапа ұйымының бас кеңесшісі ( ҚСҰ, Алматы қ.).

Курстың мақсаты — ішкі аудиторларды ISO 9000 стандартының талаптарына сәйкес аудиттің қағидалары мен тәжірибесіне үйрету.

Курс ішкі аудиторларға тәжірибе жүзінде аудиторлық қабілетін дамытуға, менеджмент жүйесінде аудит жүргізу  әдістемесін меңгеруге мүмкіндік береді.

Курс шеңберінде қатысушылар:

- ISO 9001:2015 құрылымымен, сапаны басқару жүйелерімен байланысты сапасы  стандарттармен;  

- Сапа жүйелерін қолдау үшін ішкі аудиттің маңызды рөлімен;

- ішкі аудиторлардың міндеттерімен таныстырылды.

Оқыту курсынан кейін  қатысушылар келесі дағдыларын жақсартты: 

- деректерді объективті жинауға және талдау; 

- ішкі аудиттің нәтижелерін бағалауға және баяндау;  

- ішкі аудитті жоспарлауға және ұйымдастыру. 

20.04.2017, 05:28
442 қаралым