Интернатура түлектеріне диплом табыстау!
2022 жылдың 30 маусым күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Интернатура бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып беріп, бітіруші түлектерді құттықтады.
Ары қарай диплом табыстауды ОҚМА ардагері Толеуов И.Т, Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор Анартаева М.Ұ, «Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру» деканы Кемельбеков К.С, «Жалпы тәжірибелік дәрігер–1» кафедрасының меңгерушісі Датқаева Г.М және «Терапиялық және балалар стоматологиясы» кафедрасының меңгерушісі Кенбаева Л.О жалғастырды. Академияның қоғамдық өміріне белсене араласқан бітіруші түлектердің топ басшыларына және ата аналарына «Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру» деканы Кемельбеков К.С ректордың алғыс хаттарын табыстады.
Іс шара көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын концерттік бағдарламамен жалғасты.
Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!