«Инфектология ғылымының прогресі» атты жас ғалымдардың ЖОО аралық онлайн-конференциясы

2022 жылғы 12 сәуірде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының "Жұқпалы аурулар және дерматовенерология" кафедрасының ұйымдастыруымен «Инфектология ғылымының прогресі» атты жас ғалымдардың ЖОО аралық онлайн-конференциясы болып өтті. Онлайн конференцияда еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары "Астана медицина университеті ", "Семей медицина университеті", "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының " профессор-оқытушылар құрамы мен резидент инфекционисттері белсенді қатысты. Онлайн конференцияны ашу үшін ОҚМА-ның проректоры м.ғ.к., профессор Нұрмашев Б.Қ,  ОҚМА-ның "Жұқпалы аурулар және дерматовенерология" кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., профессор Абуова Г.Н және КЕАҚ-ның "Жұқпалы аурулар және клиникалық эпидемиология" кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Кульжанова Ш.А. берілді. Жұқпалы аурулардың ХХІ ғасырдағы өзекті мәселе, ғасыр індеті екеніне мән беріліп, жас ғалымдарға сәттілік, табыстар тіледі.

Онлайн-конференция барысында Астана медицина университеті, Семей медицина университеті және "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ассистенттері мен резидент инфекционисттері өз баяндамаларын жасады.

Конференция соныңда жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі, проф. Абуова Г.Н. және жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к, доцент Маукаева С.Б.сөз сөйлеп конференцияны қорытындылады.

13.04.2022, 13:54
437 қаралым