III Халықаралық ғылыми-ағартушылық «Ана мен бала-2020» форумы
2020 жылғы 2-3 қазанда онлайн-режимінде өткен III Халықаралық ғылыми-ағартушылық «Ана мен бала-2020» форумына жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі профессор Абуова Г.Н. ауызша баяндамамен қатысты.
Форумның «Жүкті әйелдердегі COVID-19: уақыт сынақтары» жеке секциялық мәжілісі коронавирус инфекциясының әр түрлі аспектілеріне арналған болатын. Абуова Г.Н. баяндамасында жүкті әйелдердегі COVID-19 эпидемиологиясы, диагностикасы, ағымының ерекшеліктері бойынша ең жаңа мәліметтер келтіріліп, клиникалық жағдайды көрсете отырып, аса ауыр асқынулар мен емдеу тактикасы жөнінде айтылды.
Жалпы алғанда, Форум жұмысы Қазақстан Республикасында жүкті әйелдерге акушерлік көмекті жетілдіруге, ана мен перинатальды өлімді төмендетуге ықпал етеді.
