II Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер форумының жеңімпаздары
2024 жылдың 17 қазан күні «Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ 45 жылдығына арналған II Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер форумы өткізілді.
Форумға еліміздің жоғары оқу орнынан, шетел университеттері мен ғылыми ұйымдардан жас ғалымдар келіп, саладағы ауқымды тақырыптарға терең бойлады.
Іс-шара жас ғалымдар мен студенттер арасында ғылыми идеялар мен тәжірибе алмасуға бағытталған негізгі алаңға айналды. Форумның басты мақсаты – ғылыми қауымдастықтағы жастарды қолдап, олардың ғылыми жетістіктерін таныстыру және маңызды зерттеулерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік беру.
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ 45 жылдығына арналған ІІ халықаралық жас ғалымдар мен студенттер форумына ВМ-СОБ-06-24 тобының студенті Хегай Артем «Корейская диаспора в Казахстане» атты тақырыпта баяндама қорғап, ІІІ-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: Т.ғ.к., доцент м.а. Айдарбекова Ғ.С.
«Стоматология» мамандығының 2 курс студенттері Бекмурат Б.Е пен Махсұтханова А. «Қазақстан Республикасындағы медициналық қызметтерді жақсарту үшін TELEGRAM PRICE-БОТ пайдалану» атты тақырыпта баяндамаларын қорғап, Дипломдармен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Ибраимова А.Ж.
ВМ-СҚА-01-23 тобының студенті Малдыбай Дарын «Биотехнология және нанотехнология: болашаққа көзқарас» атты тақырыпта баяндамасын қорғап, Үздік дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: оқытушы, магистр Мырзазия А.Ә.
Форумның өткізілуі – білімді жастарға керемет мүмкіндіктер беріп, зерттеушілік қызығушылықтарын артқызып, ғылыми ой-пікір алмасуға деген ынтасын ашып көрсетті.