II-ші аймақтық медициналық ғылыми тәжірибелік колледж бойынша өткізілген конференция

2019 жылдың 5 сәуір айында II-ші аймақтық медициналық ғылыми тәжірибелік конференция Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінде өтті.

1357 1

Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледж директоры Қожатаев Жәнібек мырза сөз алып, конференцияны ашты. Конференция 4 бағытты қамтыды.

    • Болашақ медициналық мамандарының коммуникативтік дағдыларын жетілдіру. жәен оны дамыту жолдарын зерттеу.
    • Әлеуметтік –медицина және биология ғылымдарындағы заманауи ғылыми зерттеулердегң өзекті мәселелер.
    • 21 ғасыр ғылымы: Болашақ медицина мамандардың клиникалық құзіреттілігін дамытудағы өзектң мәселелер, кедергілер мен жетістіктер.
    • Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын кетірудегі өзекті мәселелер.

1357 2

Конференцияның мақсаты: медицина мамандарының кәсіби құзіреттілігін арттыру және тәжірибеде қолдану.

ОҚМА, АҚ жанындағы медициналық колледжінен 3 курс «Мейірбике ісі» мамандығының студенті Жақыпбек М. «Медицина саласына блок чейн жүйесін ендіру» атты тақырыпта баяндама жасады. Осы конференцияға «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасынан ғылыми жетекші ретінде Абдукаримова Ж.М. және оқытушы Сакиева Ш.С. қатысты. Студент Жакыпбек М. тақырыптың өзектілігін атап өтті және төрайымдардың барлық сұрақтарына дұрыс жауап берді. Конференция соңында баяндамашы сертификатпен марапатталды. 

1357 3

13.04.2019, 00:22
341 қаралым