І-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ «АНТИБИОТИКТЕРГЕ ТӨЗІМДІЛІК ЖӘНЕ МИКРОБҚА ҚАРСЫ ХИМОТЕРАПИЯ ТАКТИКАСЫ»
2024 жылдың 12 сәуір күні «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының ұйымдастыруымен І Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер, магистранттар арасында «Антибиотиктерге төзімділік және микробқа қарсы химотерапия тактикасы» тақырыбында гибридты форматта конференция өткізілді.
Конференция модераторы АҚ «Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясы», «Микробиология,вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибігүл Толегенқызы.
Конференцияға баяндамашы ретінде Ташкент медицина академиясының филиалы Ургенч қаласы, АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» шет ел жене жергілікті студенттері мен магистранты қатысты.
Қатысушылар:
1. Adeeba Masroor (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы)
«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенті. «Closing the Gaps: India's Multifaceted Approach to tackle TB»
2. Бекмурат Балжан Ержановна (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы) «Стоматология» мамандығының 1 курс студенті. Современные технологические методы в снижении уровня бактерий и улучшение безопасности людей.
3. Нұрмаханова Рысты Бауыржанқызы (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы) «Медицина» мамандығының 2 курс студенті. Микроорганизмдердің антибиотикке сезімталдығын анықтау тақырыбындаға ЖБО нәтижесі.
4. Садыбек Ұлдана Әбілқызы (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы) «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының аға оқытушысы. «Ересектердегі стрептококты пневмонияның антибактериалды препараттарға сезімталдығын анықтау»
5. Зокирова Мохира Шокирбековна (Ташкент медицина академиясы)
«Есдеу ісі» факультетінің 3 курс студенті. «Антибиотикорезистентность»
6. Накып Нургали Сакенулы (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы). «Медицина» мамандығының 2 курс магистранты. «Анализ антибиотикочувствительности и антибиотикорезистентности возбудителя streptococcus pneumoniae у детей в городе Шымкент»
Жүлделі орын иегерлері:
«Үздік баяндама» номинациясы жеңімпазы: Бекмурат Балжан Ержановна.
«І орын» иегері: Бекмурат Балжан Ержановна.
«ІІ орын» иегері: Нұрмаханова Рысты Бауыржанқызы
«ІІІ орын» иегері: Adeeba Masroor
Барлық жүлделі орын иегелеріне және баяндамашыларға «Сертификат» табысталды.
Конференция қонақтары өз пікірлерімен бөлісіп, қатысушылар мен кафедра ұжымына тілектер айтылды. Баяндамалардан көп ақпараттар алынғандығы айтылды. Осындай іс-шаралар алда көп бола беруіне тілек білдірді.