И.И. Мечников атындағы Солтүстік-батыс мемлекеттік медицина университетінің "Покров бағаналы жасуша банкінің" аға ғылыми қызметкері бізде қонақта
2023 жылдың 13-15 наурыз күндері Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына медицина ғылымдарының кандидаты, бас дәрігер, трансфузиолог дәрігер Иволгин Дмитрий Александрович академиямыздың қонағы болды.
Иволгин Дмитрий Александрович С. М. Киров атындағы Әскери медицина академиясын бітірген. 27 жыл жұмыс өтілі бар медицина ғылымдарының кандидаты.
Сауатты және жауапты дәрігер, әр түрлі медициналық конгрестер, соның ішінде жасушалық технологияларға арналған халықаралық конгрестердің тұрақты баяндамашысы және қатысушысы. И.И. Мечников атындағы Солтүстік-батыс мемлекеттік медицина университетінің "Покров бағаналы жасуша банкінің" аға ғылыми қызметкері. Отандық және шетелдік медициналық басылымдарда бірнеше ондаған жарияланымдары, 5 патенті бар.
Қонақтар алдымен академияның заманауи материалдарымен және ғылыми зертханаларымен танысып, жабдықтармен жарақтандыру бойынша, әдістемелік тәсіл, дің жасушаларымен жұмыс жасау преспективасы, және оларды замануи зертханаларда қолдану бойынша кеңес берді. Академия ректоры М.Рысбековпен сұхбаттасып пікір алмасып, алда бірлесіп атқаратын дің жасушалары бойынша жобаларды талқылады.