«Ғылыми зерттеулерге кіріспе» интеграцияланған пәні бойынша «Жобаға-бағытталған оқытуды іске асыру» тақырыбында әдістемелік семинары

08.04.2024ж. күні оқу процесін жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс шеңберінде медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасы «Ғылыми зерттеулерге кіріспе» интеграцияланған пәні бойынша «Жобаға-бағытталған оқытуды іске асыру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Іс-шара тәжірибе алмасу және білім берудегі өзекті әдістемелік тәсілдерді беру, сондай-ақ студенттердің ғылыми зерттеулер саласындағы құзыреттіліктерін дамытуды қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Семинар аясында қатысушылар келесі мәселелерді талқылады:
• Жобаға бағытталған оқытудың негізгі принциптері мен әдістері (Иванова М. Б.)
• «Ғылыми зерттеулерге кіріспе» пәні бойынша жобаға бағытталған оқытуды табысты іске асыру тәжірибесі (Иванова М. Б.)
• Жобаға бағытталған оқытуды іске асыру кезінде Trello құралын қолдану (Халметова Ш.А.)
• Жобаға бағытталған оқытуды іске асыру кезінде жасанды интеллект құралдарын қолдану (Бердиева М. А.)
• Білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыттау, ғылыми құзіреттіліктерін қалыптастыру және нәтижеге жету әдістері. (Абдрахманова Ж. Ж.)
Семинарға қатысушылар идеяларды талқылауға, тәжірибелерімен бөлісуге және өздерінің оқыту тәжірибесіне жобаға-бағытталған оқыту тәсілін енгізу бойынша құнды ұсыныстар алуға мүмкіндік алды. Біз осы маңызды іс-шараға қатысқан барлық оқытушыларға алғысымызды білдіреміз.

10.04.2024, 16:11
507 қаралым