ҒЫЛЫМҒА БЕЙІМДЕУДІ МЕКТЕПТЕН БАСТАУ ҚАЖЕТ

2024 жылдың 06 мамыр күні, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Педиатрия-1» кафедрасының меңгерушісі, PhD К.С.Кемельбеков Шымкент калаласы білім басқармасына қарасты «М.Мамаедов атындағы №35 жалпы орта білім беретін мектеп» басшылығымен, пән мұғалімдерімен және 8-10 сынып оқушыларымен кездесу іс-шарасы өткізді.
Негізгі мақсаттар - мектеп оқушыларымен, ғылыми жетекшілерімен бірлесе отырып ғылыми жобалар, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу және оқушыларды ғылымға бейімдеудегі қызығушылықтарын арттыру.
Қазіргі таңдағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы денсаулықтарына, тамақтануына және күн тәртібіне байланысты қызықты ғылыми тақырыптар бойынша таңдау жасалынып, талқыланды. Тақырыптар бекітілуге ұсынылды және зерттеулер бойынша оқушылар арасынан ғылыми зерттеу топтары құрылды. Ғылыми зерттеу бағыттары бойынша жоспарлар түзіліп, тапсырмалар үлестірілді.
Болашақ жас ғалымдарға және олардың жетекшілеріне сәттілік тілейміз.

11.05.2024, 10:14
200 қаралым