ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫНА САПАРЫ
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына келді. Сапар барысында академия тарихына арналған мұражай мен анатомиялық мұражай, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған Компьютерлік тестілеу орталығы және жаңадан салынған студенттерге арналған заманауи үлгідегі Кітапхана ақпараттық орталығы таныстырылды. Министр академияның жоғары деңгейдегі инфрақұрылымын оң бағалап, оның студенттерге сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті.
Сапар соңында министр ЖОО ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Сейтжанова Жанна Серікжановна оқу орнының даму перспективалары туралы егжей-тегжейлі баяндап, білім беру үдерісін жаңғырту мен отандық медицина кадрларын дайындау жұмыстары жөнінде таныстырды.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрліктің атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады. Баяндамасында шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде ашудың маңызын және ғылым саласының дамуында жасанды интеллектінің рөліне ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.
