«Ғылым және жacтap: Meдицинaлық көмектің сапасы мен медицинкалық сауаттылық» атты жac ғaлымдapдың II xaлық apaлық ғылыми-тәжipибeлiк конференциясы
12 сәуірде «Ғылым күні» аясында «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы бірлесіп ұйымдастырған «Ғылым және жacтap: Meдицинaлық көмектің сапасы мен медицинкалық сауаттылық» атты жac ғaлымдapдың II xaлық apaлық ғылыми-тәжipибeлiк конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты-өскелең ұрпақтың ғылыми қызметке және медицина саласындағы ғылыми-зертттеу жұмыстарына деген қызығушылығын қалыптастыру.
Жеңімпаздар «Оңтүстік Қазақстан медицина» АҚ басшылығынан дипломдармен, сертификаттармен марапатталды. Ал «Фармация» мамандығының магистранты Нұрсұлтанқызы Мөлдір мен студент Ақбердиева Ұлжан конференция I және III жүлделі орындарды иеленді.
Конференцияға бакалавриат студенттері, магистранттар, докторанттар, республикамыздың және бауырлас Өзбекстанның жоғары оқу орындарының жас ғалымдары қатысты. Конференция секциялары келесі бағыттар бойынша жұмыс істеді:
1. «Қоғамдық денсаулық сақтау» секциясы
2. «Клиникалық медицина» секциясы
3. «Фармация» секциясы
4. «Постерлік баяндамалар» секциясы