«Ғылым мен білім – бірлік пен берекенің түпқазығы» атты көркем сөз оқу сайысы
2024 жылы 11 сәуірде қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен түрлі этнос өкілдері арасында қазақ ақын-жазушыларының шығармашылықтарын насихаттау мақсатында «Ғылым мен білім – бірлік пен берекенің түпқазығы» тақырыбында сайыс өткізілді.
Сайыста 1 курс білім алушыларынан бақтарын сынады. Байқаудың алғысөзін ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Қ.Сәлім ашып, өзге ұлт өкілдерін қазақ қылып шығару емес, оларға мемлекеттік тілді түсініп, әдет-ғұрпымызды сыйлап, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу деп үміткерлерге сәттілік тіледі.
Сайысқа қатысушылардың өнеріне Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Г.А. Қалдыбаева, ОҚМА-ның Әдістемелік бөлім меңгерушісі Б.М. Рашева және Медицина колледжінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасының қазақ тілі пәнінің аға оқытушысы Ж.С.Сарымсакова қазылық етті.
Әділ қазылардың шешімімен
І орын
Абдулхамидова Диера Абдуллақызы – ВМ-СОА-05-23 тобының білім алушысы
ІІ орын
Ишигов Алихан Ибрагимович – ВМ-МОБ-12-23 тобының білім алушысы
Гулиева Лейла Гулам кызы – ВМ-МОА-12-23 тобының білім алушысы
ІІІ орын
Хайткулова Эльмира Ахматкуловна – ВМ-МОА-13-23 тобының білім алушысы
Аккошов Ралиф Ханалыевич – ВМ-МОА-13-23 тобының білім алушысы
Анварбекова Сайера Иномжановна - ВМ-МОА-14-23 тобының білім алушысы иеленді.
Сайыс жеңімпаздары және алғыс хат иелеріне кафедра атынан ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Қазақстанда бір шаңырақ астында өмір сүріп жүрген түрлі ұлттар мен ұлыстардың бірлігі, ынтымағы басқа мемлекеттерге үлгі. Елімізде соңғы уақытта қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдері айтарлықтай көбейгені де басты жетістігіміз. Бұл – нағыз патриоттардың қазақ жеріне, мемлекеттік тілге деген құрметі. Олар тек қазақ тілін ғана емес, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын да құрметтейді.