«Ғылым күніне» орай «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасында ұйымдастырылған «Халел Досмұхамедовтың ғылыми мұрасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Ғылым күніне» орай 26.04.23 жылы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Халел Досмұхамедовтың ғылыми мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – студенттердің бойында тарихи сананы жаңғырту және ғылыми ізденушілік мәдениетін қалыптастыру. Дөңгелек үстелде Х.Досмухамедовтың ғылыми еңбектеріне және медицина саласына қосқан үлестеріне терең талдау жасалды. Дөңгелек үстелді кафедра меңгерушісі Ж.О.Нуржанбаева ашты.
Фөт-02-22 тобының студенті Асқар Мерей «Алаштың асыл арысы-Х.Досмухамедов», Стқ-05-22 тобының студенті Тажен Дастан «АСЫЛ ҰЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ»-Халел Досмұхамедовке арнау, Фөтқб-04-22 тобының студенті Серикбаева Элеонора «Халел Досмұхамедов - ғалым-дәрігер» атты ғылыми баяндамаларын жасады.
«Әлеуметтік-гуманитарлық кафедарысының меңгерушісі, доцент м.а. Ш.А.Аширов Х. Досмұхамедовтың ғылыми мұрасына жалпы қорытынды жасап, студенттерге ғылыми табыстар мен сәттіліктер тіледі.

28.04.2023, 14:07
457 қаралым