«ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» арналған «Заманауи медицина саласындағы биология және биохимияның өзекті мәселелері» атты студенттердің ғылыми конференциясы.

Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы басшылығының бастамасымен 15.04.2022ж «ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» арналған «Заманауи медицина саласындағы биология және биохимияның өзекті мәселелері» атты студенттердің ғылыми конференциясы өтті.
Ұйымдастырушы: «Биология және биохимия» кафедрасы.
Өткен орны: ОҚМА бас ғимараты 4 қабат 414 аудитория.

Конференцияның ашылу барысында «Биология және биохимия» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к, профессор Есиркепов Марлен Махмудович оқытушылар мен студенттерді ғылым күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде академияда ғылыми жұмыс жүргізіліп жатқанын және ғылыми зерттеулерге қолдау бары туралы айтты. Сонымен қатар кафедрада ғылыми үйірме барын, сол ғылыми үйірмеге қызығушылығы бар барлық біл алушылар қатыса алатынын нақтылады. Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-зерттеу саласын дамыту саясатын қолдау, сол бағытта атқарылуы тиіс жұмыстар туралы атап өтті.

Конференцияға қонақ ретінде «ҒКЖ» жөнінде проректор Нурмашев Б.К., «ҒКЖДжМ» басқарма басшысы Жаксылык А.А., «Медициналық факультеті» деканы Долтаева Б.З., «Фармация факультеті» деканы Умурзахова Г.Ж., «Халықаралық факультеті» деканы Төлбасиева А.А. және «Оқу әдістемелік орталығы» бөлімінен Закирова М.Р. шақырылды.

Конференция барысында: «1990-2021 жж. аралығындағы қант диабетімен ауырған науқастардың деңгейі», «Изучения уровни развития и совершенствование методов диагностики в г. Туркестан», «С (аскорбин қышқылы) дәруменінің биохимиялық маңызы. », «В және Д гепатит кезіндегі бауырдың зақымдалуы.», «1996-2021 жылдар аралығында биохимия,генетика және молекулалық биология cаласы бойынша қазақстандық ғалымдардың жарияланымдық белсенділігі.», «Жүрек миокард синдромы.» «Митохондриялық аурулар туралы», «Особенности и трудности преподавания молекулярной биологии», «Наследственное заболевание - спинальная мышечная атрофия (СМА)» «Новые методы культивирования лекарственных растении» тақырыптары талқыланып тыңдалды. Бүгінгі конференцияда білім алушылар белсенділік таныты. Нақты сұрақтарға жауап беріп, білім шыңын шыңдай түсті. Конференция өте сапалы, қызықты және танымды өтті.

15.04.2022, 17:10
639 қаралым