«ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» арналған «Заманауи медицина саласындағы биология және биохимияның өзекті мәселелері» атты семинар
Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы басшылығының бастамасымен 28.04.2023ж «ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» арналған «Заманауи медицина саласындағы биология және биохимияның өзекті мәселелері» атты семинар өтті.
Ұйымдастырушы: «Биология және биохимия» кафедрасы.
Өткен орны: ОҚМА бас ғимараты 4 қабат 414 аудитория.
Семинардың ашылу барысында «Биология және биохимия» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к, профессор Есиркепов Марлен Махмудович оқытушылар мен студенттерді ғылым күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде академияда ғылыми жұмыс жүргізіліп жатқанын және ғылыми зерттеулерге қолдау бары туралы айтты. Сонымен қатар кафедрада ғылыми үйірме барын, сол ғылыми үйірмеге қызығушылығы бар барлық біл алушылар қатыса алатынын нақтылады. Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-зерттеу саласын дамыту саясатын қолдау,
сол бағытта атқарылуы тиіс жұмыстар туралы атап өтті.
Семинарға қонақ ретінде «ҒКЖДжМ» басқарма басшысы Жаксылык А.А., «Медициналық факультеті» деканы Сагтаганов Ж.И, «Фармация факультеті» деканы Умурзахова Г.Ж., «Халықаралық факультеті» деканы Төлбасиева А.А. және «Оқу әдістемелік орталығы» бөлімінен Алдабергенова Г.С. шақырылды.
Семинар барысында: «Заманауи медицина саласындағы биология және биохимияның өзекті мәселелері мен жетістіктері» және «Жараларды емдеудің молекулалық және жасушалық механизмдері», тақырыптары талқыланып тыңдалды. Бүгінгі семинарда білім алушылар белсенділік таныты. Нақты сұрақтарға жауап беріп, білім шыңын шыңдай түсті. Семинар өте сапалы, қызықты және танымды өтті.