«ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық" кафедрасының ұйымдастыруымен 15.04.2022ж. докторантура, магистратура және студенттермен бірлесе отырып "Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері" тақырыбында конференция өтті.
Өткен орны: ОҚМА, 2 оқу ғимараты, 2 қабат, кіші конференц-зал.

Конференцияның ашылу салтанатында алғашқы сөзді кафедра меңгерушісі м.ғ.к. Сарсенбаева Гульзат Жанабаевна докторанттарды, магистранттарды және студенттерді ғылым күнімен құттықтады.
Ол өз сөзінде академияда ғылыми жұмыстар жүргізіліп жатқанын және ғылыми зерттеулерге қолдау бар екенін айтты. Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-зерттеу саласын дамыту саясатын қолдау, осы бағытта орындалуы тиіс жұмыстар туралы атап өтті.

Конференцияның төрағасы: Стратегиялық даму және инновациялар жөніндегі бірінші проректор., м.ғ.к., профессор М.М. Есіркепов және Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Анартаева М. У., қатысып өз пікірлерін қалдырды.
Конференция барысында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 1 оқу жылғы докторанттарының жұмыстары тыңдалды.
Асылбек М.Ы, жетекшісі Анартаева М.У., «Совершенствование нейрореабилитационной помощи у пациентов с последствиями инсульта» Перменов Б.А., жетекшісі Анартаева М.У., «Применение Экстракорпоральной мембранной оксигенации в клинической практике» «Қоғамдық денсаулық сақтау» 2 оқу жылғы магистранттарының жұмыстары Аширметова Н.М., «Анализ заболеваемости Сахарным диабетом в городе Шымкент» Фертих С. В., «Факторы, влияющие на управление человеческими ресурсами в медицинской организации» сондай-ақ, «жалпы медицина» және «стоматология» факультетінің 2 курс студенттері жұмыстары
1. «ҚР Covid-19 ға қарсы вакциясының талдау мониторингі».
2. «Вакцинация против Covid-19: рзультаты и исследования»
3. «Студенттер арасындағы дұрыс тамақтануға медициналық – әлеуметтік сипаттама».
4. «Выбор и частота используемых антисептических средств среди населения Шымкента»
Бүгінгі конференцияда қатысушылар жақсы белсенділік танытты. Нақты сұрақтарға жауап бере отырып, конференцияға қатысушылар өз жұмыстары туралы ұсыныстар алды. Конференция өте сапалы, қызықты және тартымды өтті.

19.04.2022, 15:25
558 қаралым