«ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН «АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТЕНЗИЯНЫ ЕМДЕУДЕГІ ЗАМАНАУИ АСПЕКТІЛЕРІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Жалпы тәжірибелік дәрігер - 1 кафедрасының бастамасымен 6 қалалық емхананың мәжіліс залында 12.04.2022ж «ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» арналған «Артериалды гипертензияны емдеудегі заманауи аспектілер» атты конференция өтті.
Ұйымдастырушылар «Интернатура деканаты», «Жалпы тәжірибелі дәрігер-1 кафедрасы».

Конференцияның ашылу барысында кафедра доценті Бекенов Н.Н. 12.04.2022ж 11-29 сәуір аралығы «Ғылым күніне» арналатынын атап өтті. «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» арналған іс-шаралар ұйымдастырылғанын және іс-шараға барлық білім алушылармен академия қызметкерлерін қатысуға шақырды. Сөз кезегін конференцияға қатысушыларға берді.

Конференцияға қатысушылар тақырыпқа сәйкес жасалынған презентацияны оқып, тақырыпты толықтай ашып қамтыды. Артериалды гипертензияны емдеудегі соңғы хаттамаға сәйкес жаңа мәліметтерді баяндалды. Көбірек соңғы шыққан комбинирленген препараттар тобы жайлы айтылды, олар қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер жайлы мәліметтер айтылды, соңында тақырыпқа сәйкес ауру тарихы талқыланды.
Бүгінгі конференцияға академия қызметкерлері, интернатурада білім алушылар белсенді қатысты. Өздерінің нақты сұрақтарына жауап алып, білім көлемін нығайтты. Конференция өте қызықты және танымды өтті.

онференция соңында кафедра доценті Бектибаева Н.Ш.-ға сөз берілді: конференция жоғары дәрежеде өтті, тақырып толықтай ашылып, барлық жаңа жаңартуларды қамтыды, және тағы бір ескерілетін жері емдеудегі аспектілерге көп көңіл бөлінген осы нәрсе қуантады.

Сөз кезегін кафедра меңгерушісі Даткаева Г.М.-ға берді.
Даткаева Г.М.: Конференция жоғары дәрежеде өтті, интерн - дәрігерлердің дайындалғаны, ізденгендері көрініп тұр. Осындай іс- шаралар болашақта көбейе берсін.

14.04.2022, 12:15
426 қаралым