Грэйс Университеті, TESOL үздік оқытушысы Джонатан Мотт шет тілдері кафедрасында «Lesson Study» бағдарламасымен курс жүргізуде
Елімізде ағылшын тілін мәдениетаралық байланыс құралы ретінде оқыту, өз бойына төл мәдениеті мен бөгде мәдениетті дарытқан мәдениетаралық қарым-қатынасқа түсуге дайын тұлғаны қалыптастыру, қазіргі заманғы қоғамның жаңа әлеуметтік тапсырысы болып айқындалуы - ағылшын тіліне үлкен жауапкершілікті артып отыр.
Осы бағытта шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, фил.ғ.к. Сайфутдинова А.С. ұйымдастыруымен Көптілді білім беру орталығында алыс-жақын шетелдерден ағылшын тілді педагогтарды визитинг-профессорлар ретінде жиі шақыра отырып, ОҚМА-ның үштілді білім беруінің мемлекеттік, еуропалық және әлемдік стандарттарға баламалық ұстанымы мен тілдерді оқытудағы кәсіби бағыттылық ұстанымын басшылыққа ала отырып, ақпан айының 26 жұлдызынан бастап АҚШ, Грэйс университеті, TESOL үздік оқытушысы Джонатан Мотт шет тілдері кафедрасының оқытушыларына «Lesson Study» бағдарламасы бойынша қазіргі күнге дейін курс жургізуде. Бағдарлама мақсаты: тәжірибе арқылы оқытушының кәсіби біліктілігін арттыра отырып, өз әрекетіне талдау жасаудағы рефлекцияны қалыптастыру. Қазіргі күні Lesson Study білім сапасын халықаралық зерттеулерде (PISA, TIMSS) алдыңғы орынды иеленетін шығыс елдері Жапония, Сингапур, Гонконг, Қытайда және батыс Еуропа елдері АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Канадада кеңінен таралып отыр.