GMP, GDP стандарттары

2015 жылдың 13 қараша айында академия қызметкерлері "Химфарм" АҚ  және Santo of Polpharma Group сауда маркасы мен Оңтүстік Қазақстан облысының  денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитетінің департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған GMP/GDP стандарттары бойынша бірінші тренингке қатысты. Тренинг RIXOS Khadisha Шымкент қонақ үйінің үлкен конференц-залында Оңтүстік Қазақстан облысының 100-ден астам провизорлары қатысуымен өтті.

635 1 1

Тренинг бағдарламасына GMP/GDP стандарттарын енгізу саласындағы ҚР заңнамалық базасын шолу, GMP пайда болу тарихы, СББ зертханаларға қойылатын GMP талаптары, қызметкерлердің оқыту мен гигиенасына қойылатын GMP талаптары кірді. GDP негіздері Катажина Петрашкевичтің (Польша) презентациясында ұсынылды.

635 2 2

ОҚМФА GMP/GDP стандарттарын енгізу үшін оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша презентациямен таныстырды.

17.11.2015, 00:31
766 қаралым