«Гигиена және эпидемиология» кафедрасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау

Наурыз – бұл көктем мен табиғаттың жаңаруын, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуын білдіретін мереке. Наурыз – әртүрлі ұлттар мен мәдениеттерді біріктіретін мейрам. Қазақстанда 130-ға жуық этнос тату-тәтті өмір сүретіндіктен, бұл күн достықтың, өзара құрмет пен бірліктің маңыздылығын айқындайды.
Мереке қарсаңында гигиена және эпидемиология кафедрасының оқытушылары «Стоматология» мамандығы бойынша үш топ білім алушылармен (ВМСО-05А-22, ВМСО-05Б-22, ВМСО-06-22) бірге, Наурыз - Ұлыстың ұлы күніне орай іс-шара өткізді.
Білім алушылар мен оқытушылар қатысқан концерттік бағдарлама ұсынылды:
ұлттық домбыра аспабында күй орындады, Наурыз көктемгі мерекесі туралы қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқыды, «Қыз алып қашу», «Сәлем салу» дәстүріне арналған қойылым көрсетілді. Құттықтаулар түрік, қазақ, өзбек және орыс тілдерінде айтылды. Соңында білім алушылар көңілді түркі биін биледі.
Білім алушылар әртүрлі халықтардың тағамдары ұсынылған мол дастархан жайды. Соңында кафедра ұжымы мен білім алушылар бірге билеп, дәмді тағамдардан ауыз тиді.

26.03.2025, 10:52
114 қаралым