«Генетикалық патологияны диагностикалаудағы цитогенетикалық және молекулалық (ПТР) әдістер» бойынша шеберлік-класс

2020 жылғы 2-13 қараша аралығында ОҚМА ғылыми зертханасының зерттеушілер тобы ғылыми-зерттеу институтының шеңберінде (тұқым қуалайтын аурулардың цитогенетикалық зерттеулері) «Генетикалық патологияны диагностикалаудағы цитогенетикалық және молекулалық (ПТР) әдістер» тақырыбы бойынша мастер-класс бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында (дербестендірілген геномдық диагностика зертханасында) өтті.

1581 1

Мастер-класс бағдарламасын "зертханамен және зертханалық жабдықпен танысудан бастап, кариограммаларды талқылау, қисық ПТР талқылау, хромосомалық ауруларды талқылау, жасушалық циклды ауруларды бақылау, мутациялар, хромосомалық абберациялар, MLPA әдісімен танысу, толық экзомды секвендеу, генетикалық браузерлермен жұмыс жасау туралы толық ақпаратты дәріскерлер: Г.Ж. Абильдинова, аурухананың дербес геномдық зерханасының меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-генетик, м.ғ.д профессор; А.В. Боровикова, аурухананың дербес геномдық диагностика зертханасының дәрігер-генетигі, бірінші санатты дәрігер-генетик; Ж.М. Жабакова аурухананың дербес геномдық диагностика зертханасының дәрігер-генетигі басшылығымен құнды тәжірбие алумен аяқтадық.

1581 2

Оқу барысында алған құнды тәжірибе мен білімді болашақта ОҚМА ғылыми-зерттеу зертханасының дамуына пайдалану жоспарлануда.

18.11.2020, 04:56
291 қаралым