Гданьск Медициналық Университетімен стратегиялық серіктестік аясында екінші кезеңдік жұмысты жүзеге асыру әрекеті
2017 жылдың 12-17 шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы өкілдері Гданьск Медициналық Университетіне (Польша) іс сапармен барды.
Гданьск Медициналық Университетінің ректоры, профессор Marcin Gruchala ОҚМФА-ның оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры – Анартаева М.Ұ., стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры – Ахметова А.А., фармацевтика және токсикологиялық химия кафедрасының доценті – Орынбасаров Е.Қ бастаған жұмыс тобын қабылдаған болатын.
Поляк әріптестер тарапынан іс-шарада ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры – профессор Tomasz Bączek, медицина факультетінің деканы – профессор Maria Dudziak қатысты. Іс-шара барысында стратегиялық серіктестік аясындағы екінші кезеңдік жұмыстар, атап айтқанда менторлік мәселе, ғалымдар тарту, студенттер алмасу жайында мәселелер талқыланды. Келешекте серіктес университеттер арасында Эразмус+ бағдарламасына сәйкес кредиттік ұтқырлық жобаларын жүзеге асыру қарастырылды.
Медицина факультетінің деканы, проф. Maria Dudziak және декан орынбасары Małgorzata Sokołowska-Wojdyło кездесу барысында “Жалпы медицина” мамандығының оқу бағдарламаларын жетілдіру мәселелері талқыланып, оқу жұмыс жоспарлары келісілген болатын.
Фармацевтика факультетінің деканы, проф. Michał Markuszewski кездесу барысында “Фармация” және “Фармацевттік өндірістік технология” мамандықтарының білім беру бағдарламалары жөніндегі мәселелер егжей-тегжей талқыланды.