Гданьск медициналық университет өкілдерінің ОҚМФА-ға сапармен келген туралы

ҚР ДСӘДМ "Денсаулық" МБ-ның  2016-2019 ж. ж. арналған "Медициналық білімді жаңғырту" жобасының стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру аясында  2016 жылдың 7-8 маусымда Гданьск медициналық университетінің (Гданьск, Польша) топ-менеджмент өкілдері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясына сапармен келді.

786 1

Бұдан бұрын 2016 жылдың 8 сәуірінде академияның ректоры Б.Д. Сексенбаевтың Гданьск медициналық университетіне сапармен барған кезінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

786 2

2016 жылдың 8 маусымда біздің ЖОО-дар арасында ҚР ДСӘДМ техникалық тапсырманың бірінші блогы бойынша консалтингтік қызметтерді көрсету туралы бірінші шартқа қол қою бойынша салтанатты рәсім өтті.

786 3

Модератор ҚР ДСӘДМ ғылым және адам ресурстары департаментінің Директор міндетін атқарушы А.Қ.Қаптағаева болды.  Бұл ресми кеште академияның топ-менеджерлері, одан басқа Гданьск университетінің өкілдері- ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, профессор Томаш Бачек (Tomasz Baczek)  және фармацевтикалық факультетінің декан орынбасары, профессор Михал Маркушевский (Michal Markuszewski) қатысты.

Ынтымақтастық туралы Меморандумды орындау мақсатында екі жақтың білім беру бағдарламаларын жаңғырту және фармация, фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология бағыттарын  дамыту салаларында қызмет етудің ниеті бар.

09.06.2016, 06:32
464 қаралым