Г.Н.Абуованың академиялық ұтқырлығы
2016 жылдың 28 қараша мен 12 желтоқсан күндер аралығында академиялық ұтқырлық шеңберінде «Жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасының меңгерушісі Семей мемлекеттік медицина университетінің «Неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар» кафедрасында болып қайтты.
Сапар бағдарламасы - сабақ кестесіне сәйкес резидентура, бакалавриат деңгейінде дәріс өткізу, конференцияларға қатысу, күрделі жұқпалы аурулары бар науқастарға кеңес беру, инфектологияның өзекті мәселелері бойынша бірлескен басылымдарды шығару.
2016 жылдың 30 қараша күні Г.Н.Абуова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған жұқпалы аурулар ауруханасы ұйымдастырған салтанатты іс-шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Семей қаласындағы сапары барысында Г.Н.Абуова «Неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамымен SBL, TBL, электрондық оқыту, кейс-стади және, басқа интерактивті әдістері тәжірибиесімен бөлісті. 1-ші курс резиденттері Шымкент қаласы ОҚМФА «Жұқпалы аурулар» кафедрасында оқу семестрін өткізуге ниет білдірді.
Зав.кафедрой, и.о.проф., к.м.н. Абуова Г.Н.