«G-global» коммуникативтік алаңындағы «Білім бағдарламаларын жасауда жұмыс берушілердің қатысуы» атты бейнеконференция
2016 жылдың 25 ақпанында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының оқу-әдістемелік орталығы «G-global» коммуникативтік алаңында «Білім бағдарламаларын жасауда жұмыс берушілердің қатысуы» атты бейнеконференция ұйымдастырды.
Тақырыпты талқылауға Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Астана медициналық университетінің фармацевтикалық кафедралары қатысты. Бейнеконференция қатысушылары фармацевтикалық кадрларды даярлауда ЖОО-дардың жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас қажеттігінің маңызы жайлы айтып өтті. Фармацевтикалық білім болашағы, кадрлық қамтамасыздықтың өзекті мәселелері қарастырылды. Бүгінгі таңда Қазақстанның фармациясы мен фармацевтикалық саласына жаңа буын кадрлары өте қажет. ЖОО-да оқытудың дуалды моделі, ПОҚ серіктес өндірісте біліктілігін жоғарылатуы жүзеге асырылады, GMP, GLP, GСP жағдайында жұмыс жасай алатын фармацевтикалық өндіріс мамандарын даярлайды. Кафедралар қашықтықтан оқыту, байқаулар, гранттарға қатысу арқылы бизнес-компаниялармен белсенді ынтымақтастықта. Оңтүстік Қазақстан және Қарағандыда фармацевтикалық кластердің жұмыс жасауы бұл аймақ ЖООларын алдыңғы қатарлы фармацевтикалық компанияларымен тиімді ынтымақтастық жүргізуге мүмкіншілік береді.
Бүгінгі таңда ЖОО-дар алдында тәжірибеге жұмыс берушілермен тиімді қарым-қатынасты жоғарылататын ұйымдастырушылық және әдістемелік құралдарды енгізу міндеті тұр, сондықтан жоолардың жұмыс берушілермен қарым-қатынас формаларын жетілдіру, сондай-ақ тәжірибеге ынтымақтастықтың инновациялық формаларын ендіру өте маңызды.
Білім бағдарламаларын жасауда жұмыс берушілердің қатысу механизімін жоғарылату мәселелерін талқылауға қатысқан бейнеконференцияның барлық қатысушыларына шынайы алғысымызды білдіреміз.