G-Global коммуникативтік алаңында ««Стандартталған пациент» әдістемесінің дамуы мен енгізілуі» бейнеконференциясы

31.01. 2017 ж. ОҚМФА-ның оқу клиникалық-симуляциялық бөлімі G-Global коммуникативтік алаңында ««Стандартталған пациент» әдістемесінің дамуы мен енгізілуі» тақырыбы бойынша бейнеконференцияны  ұйымдастырып өткізді. Бұл бейнеконференцияда ҚР медициналық ЖОО-ның өкілдері қатысты - С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Семей қаласының ММУ, Карағанды қаласының ММУ және Астана қаласының «Нұр Әлем» медициналық білім беру орталығы. 

916 1

Соңғы жылдары «Стандартталған пациент» әдістемесіне көп көңіл бөлінуде. Бүкіл әлем бұл оқыту әдістемесін қолданады, жетілдіреді және медициналық мамандарын  куәландыру емтихан құрамына енгізеді. 

ОҚМФА-да білім беру үрдісіне осы әдістеменің енгізілуі белсенді жалғастыруда, және де 2016-2019 ж.ж. «Медициналық білімді жаңғырту» Жол картасында «Мәлімет базасын қалыптастыру және стандартталған пациенттерді дайындау бағдарламаны енгізу» сұрақтары өзекті деп белгіленген.  

Бейнеконференция мазмұнды болып өтті,  ҚР медициналық ЖОО-да  «Стандартталған пациент» әдістемесінің дамуы мен енгізілуі жөнінде жасалыңған және жалғастырылып жатқан жұмыстары жайлы қызықты баяндамалар тыңдалды. 

Бейнеконференцияның маңызды қорытындылары ретінде резолюцияны қабылдауы болып табылды және де G-Global коммуникативтік алаңында қатысушылар ойларымен алмасу, жұмыс тәжірибесі мен өздерінің жоспарларымен бөлісу, ең бастысы - осы істе бірліктін пайдасын сезінуіне мүмкіндік алды, себебі барлығында бір іс пен бір максат болып тұр. 

03.02.2017, 04:42
413 қаралым