G-global коммуникативті алаңында өткен дөңгелек үстел
2017 жылдың 17 ақпан күні G-global коммуникативті алаңында онлайн режимінде «Фармакогнозия және химия» кафедрасы (каф.меңг.- х.ғ.д., профессор Ә.Қ.Патсаев) «Әлемдік стандарттар мен концепциялар трансферті негізінде дәрілік өсімдіктерді зерттеудің әдіснамалық тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел модераторы - фарм.ғ.к., профессор м.а. Ж.С. Тоқсанбаева. Онлайн режимінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті ( Қарағанды қ.) және Семей мемлекеттік медицина университеті (Семей қ.) байланыста болды.
«Фармакогнозия және химия» кафедрасының меңг. х.ғ.д., профессор Ә.Қ. Патсаев дөңгелек үстелді ашып, дөңгелек үстел аясындағы мәселердің маңыздылығына тоқталып өтті.
Дөңгелек үстел қонақтары ретінде облыс және қаланы басқару құрылым өкілдері, «Зерде-Фито» ЖШС директоры, фармацевтика факультетінің деканы - Н.Ж. Жұмабаев, оқу-әдістемелік орталықтың басшысы - А.Г. Ибрагимова және т.б. қатысты.
Дөңгелек үстел қатысушылары медициналық және фармацевтикалық білім беруді және біздің өңірдегі және тұтастай алғанда Республикада дәрілік өсімдіктерді зерттеуді жаңғыртудың өзектілігі бойынша мәселелерді талқылады.
Семей мемлекеттік медицина университеті атынан «Фармакология және дәлелді медицина» кафедрасының меңгерушісі Төлеутаева Райхан Есенжановна, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті «Фармацевтикалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Лосева Ирина Викторовна көтерілген мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.
Дөңгелек үстелдің жүргізу нәтижесінде резолюция қабылданды:
- фармацевтикалық білім беруде үштұтастық құру: білім беру- ғылым- тәжірибе;
- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «Фармакогнозия және химия» кафедрасының қызметкерлері мен серіктестік ұйымдар өкілдерімен Оңтүстік Қазақстан флорасын ғылыми зерттеу нәтижесі бойынша бірлескен ғылыми-гранттық жобаны орындау үшін жағдайды жетілдіру;
- білім беру үдерісінде өндіріс өкілдері-Оңтүстік Қазақстанның фармацевтикалық кластер мүшелерінің қатысымен дуалды оқыту қағидасын (жұмыс орнында) енгізу, магистрлік диссертация тақырыптарын таңдау, тәжірибе жетекшісі ретінде және тиісті өндіріс орындары мен кәсіпорындарда сабақ өту;
Онлайн-режимінде өткізілген дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті, қатысушылар мен қонақтар ұйымдастырушыларға- Ә.Қ. Патсаев, Ж.С.Тоқсанбаева, К.К. Орынбасарова, Т.С. Серікбаева, А.Е. Бухарбаеваға өздерінің алғысын білдірді.
Фармакогнозия және химия кафедрасының
меңгерушісі х.ғ.д., профессор Ә.Қ.Патсаев