Флэшмоб «Денсаулық - зор байлық»
«Дүниежүзілік денсаулық күні» қарсаңында ОҚМФА жастар денсаулық орталығының басқаруымен және «Гигиена - 1», «Социалды – гуманитарлық пәндер», «Медбиофизика, математика және информатика» кафедраларының белсенді қатысуымен 2016 жылдың 6 сәуір күні Абай саябағы аумағында студенттер арасында «Денсаулық - зор байлық» ұранымен флэшмоб өткізілді.
Флэшмоб өткізудің мақсаты - Шымкент қаласының тұрғындары және жастары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Біздің ЖОО-ң студенттері салауатты өмір салтын қалыптастыруда өздерінің шығармашылығын және белсенді ұстанымдарын көрсетті. Қатысушылар позитивті көңіл – күй қалыптастырып, негізгі ойды жеткізе білді. Қоғамдық іс – шараға тек қана қаланың тұрғындары ғана емес, «ТВК», «Отырар», «Қазақстан-Шымкент» телеканалдары да ағартушылық танытты.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілі Ф.С. Байзакова ОҚМФА ЖДО қызметкерлеріне А.Қ. Жиенге және Б.М. Әбілхайға осы іс-шараны ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапаттады.
Флэшмоб ұйымдастурушылары Шымкент қ. Әкімінің аппаратына, ОҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығына, әсіресе «Әлем» жастар денсаулық орталығына қолдау көрсеткені үшін, сондай – ақ біздің қымбатты студенттерімізге және ПОҚ - Б.З. Долтаеваға, М.А. Тайжановаға, З.Ш. Оразымбетоваға, С.М. Таскымбаеваға, З.С. Халметовқа және Р.А. Аширбекке белсенді қатысқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.