ФІҰжБ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және 3-курс білім алушыларының Фармацевтикалық бақылау комитетінің өкілімен кездесуі

25 қазан күні, Фармация факультетінің 3-курс студенттеріне ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы Сабыр Гүлнұр Әбілқайырқызы, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтары, Фармация саласындағы жаңалықтар» тақырыбы бойынша ZOOM платформасында онлайн дәріс өткізді.

Дәрісте Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері, Фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптары және баға саясаты бойынша сұрақтар қамтылды.

26.10.2021, 15:29
475 қаралым